алдымен айтыңыздаршы, сіздер кәдімгі теледидар қалай жұмыс істейтінін білесіздер ме? Өте оңай. Ол үшін үлкен кинокамерамен керекті көріністерді суретке түсіресіз. Бұл суреттер көзге көрінбейтін титімдей-титімдей бөлшектерге бөлінеді де электр қуатының күшімен аспанға жіберіледі. Аспанда ол біреудің үйінің төбесіндегі антеннаға тигенше зуылдап келе жатады. Антеннаға жеткен соң теледидардың арт жағына дейін апаратын сыммен төмен кетеді; сол жерде теледидардың бір тетігі әлгі миллиондаған бөлшектерді сілкіп-шайқап, араластырылып-құраластырып пазл суреттей әрқайсысын өз орнына қояды, міне, көгілдір экрандағы бейне осылай пайда болады.