kk
Free
Тамаша жыл - The Big Year

#99. Сәуір айындағы таңдау: “Өнімділік жобасы” кітабы

Listen in app
Сәлем, қымбатты тыңдарман. Бұл 99-эпизод. Бүгінгі эпизодта Тамаша жыл кітап клубының сәуір айындағы таңдауы болған Крис Бэйлидің  “Өнімділік жобасы” немесе   “Мой продуктивный год” кітабы туралы әңгіме дүкен құрамыз. Бұл эпизодты жасауға маған клубымыздың екі мүшесі екі Динара көмек берді.

Автор өнімділікті арттыруға байланысты эксперименттер жүргізеді, мамандардан сұхбат алады және осы тақырыпқа қатысты зерттеулермен танысып, өзі үйренген сабақтарын бір кітапқа жинақтайды.

Бұл кітапта өнімділіктің барлық негізгі аспектілері қарастырылған. Бізді ойландыратын уақытты басқару, зейін, үзіліс, ұйқы, кофеин, интернетте көп уақыт жұмсау,  алаңдаушылық және т.б. тақырыптар қарастырылған.

Тамаша жыл кітап клубының мамыр айындағы таңдауы:

✅ Мэттью Уолкердің “Зачем мы спим. Новая наука о сне и сновидениях” кітабы⁣⁣

✅ Əйгілі орыс жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты (1933) - Иван Буниннің “Темные аллеи” əңгімелер жинағы.⁣⁣

Клубқа қосылу үшін инстграмдағы tamasha_zhyl аккаунтына хабарлама жіберіңіз.
0:17:32
Publication year
2020
Have you already read it? How did you like it?
👍👎
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)