Бүгінгі эпизодымыздың қонағы - Әлия Болатхан. Ол қазіргі уақытта "Заманауи Қазақстандағы тамақтану дәстүрі және ұлттық бірегейлік" атты ғылыми жоба шеңберінде зерттеу жүргізуде. Зерттеу жұмысында қазіргі қазақ қоғамы қандай тағам түрлерін тұтынады, оның себебін, оны қашаннан бері тұтынып келе жатырмыз тәрізді сұрақтарға жауап ізделінуде. Зерттеу жұмысы соның ішінде тамақтану мәдениетіндегі ұлттық тағамдардың рөлін анықтауға бағытталған. Бұл эпизодта ұлттық тағамдарға қаншалықты мән берудеміз, оны тұтынамыз ба, неліктен ұлттық тағамдарды қазіргі қоғамға бейімдеуіміз керек және қалай бейімдей аламыз деген сұрақтарға жауап іздедік. Эпизод өзінің тамыры мен ұлттық бірегейілік тақырыбында ойланып жүрген жастарға, көпшілікке арналған.
Анықтама: Әлия - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Тарих институтының ғылыми қызметкері.