Барлық нәрседен өзімізді шектей берсек, өміріміз қызық емес болып кетеді. Сол себепті ақшаны өз рахатыңа да жаратуға болады, бірақ ақылға сиятын мөлшерде болу керек.
Құмыра 3. 10%. Сақталған ақша. Сақталған ақша — ол қаржы еркіндігіне бағытталған маңызды қадам. Өзіңде жинақ барын біле сен ертеңгі күніңе сенімді боласың. Жинақ — сенің капиталыңды үлкейту үшін арналған қаражатың, яғни, қауіпсіздік жастықшаң.
Құмыра 4. 10%. Жинақтар. Жинақтар — мақсатқа айналған арманның орындалу жолы. Өз мақсатыңа жете біл! «Өз мақсатыңды қалай анықтау керек» тарауында сен тілегеніңе қалай жету керектігін білесің.
Құмыра 5. 10%. Білім алуға кететін шығын. Сен үшін ең қымбат капитал — ол сен. Өз өркендеуіңе, пайдалы да қызықты курстарға ақша салу өте маңызды.
Құмыра 6. 5%. Сыйлықтар мен қайырымдылық. Әлбетте бірнәрсе алған өте жағымды. Алайда өз жетістіктеріңмен өзгелермен бөлісу одан да жағымдырақ. Өз бюджетіңнің 5%-ын сыйлыққа,қайырымдылыққа бер,бұл сенің өміріңді бақыттырақ қылады. Ал бақытты болу, жақсы көңіл-күй мен сезімдер өте маңызды.