kk
Free
Дүкенбай Досжан

Анасы жақсы адамдар

16 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • Arailym Aimakhanshared an impression7 years ago

    О

Quotes

  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Барак Обаманың анасы американдық еврей келіншек – Стэнли Энн Данхэм бойжеткен – кениялық жігітпен кездесіп, көңілі құлап, отбасын құрып, көп ұзамай кішкентай Барак дүниеге келеді. Дәм-тұзы жараспай көп ұзамай ажырасып кетеді. Қарадомалақ Барак анасының әлдиімен өседі. Ес білгеннен – ержеткенге дейін: «Балам, білімді болсаң ғана жарыққа шығасың, адам боласың», – деп құлағына құйып шаршаған. Барак анасының ақылымен, жетелеуімен, желкелеумен орта білімді үздік тәмамдап, қиналып жүріп елдегі ең мәртебелі университетті жоғары балмен бітіреді. Жетілу, кемелдену, іздену қалыбы әкесінен емес, жатырынан ауысқан.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    – Өз бетінше жол тауып жүре алмайтын, он үйге билігін жүргізе алмайтын жаман Құлшомбайдан сендей бала туа ма, өзің ойлашы, құрдас!

    – Неғып көкіп сөйлейсің? Шешемнің етегін күзетіп жүрген сен бе едің? Айт қанекей!

    – Айтсам – айтайын, ашу – дұшпан, ақыл – дос, текке қалшылдайсың, болыс-еке!

    – Не тапсаң-дағы тіліңнен табасың!

    – Болыс-еке, сен Кенесары-Наурызбайдың Наурызбайынан пайда болғансың. Сенбесең елдің өсегіне құлақ сал, сақал-шашыңды алғызып айнаға қара!

    Сонда сұлқ түскен Әли болыс:

    – Әкем жаман кісі болмапты ғой, – деп отырып қалыпты.

    Сөзден сөз туады, ойдан ой өрістейді.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Тісіңізден шығара көрмеңіз. Шынымды айтайын. Алдына азғана мал біткен шақар байдан жақсы адам шықпайтынын әуел бастан сездім. Амал іздедім. Арғында Қызжәнібек есімді сері барын білесіз. Өзімнің өнеріммен Қызжәнібектен алған олжам осы бала еді, – депті әйел.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)