kk
Пользователь Windows

Unknown

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    – Кожак, – деді Луиза соншалық майда қамқор үнмен. – Как это так, мы тебя с нетерпением ждем, а ты... разве так можно.

    Шофер сүзеген бұқадай түксие қарады да: – Кет! Кет! – деп айғай салды қазақша. Сосын: – Я тебя ненавижу, – деп жаман орысшасымен былдырлады. Луиза «ах-ах» деп бетін басқан күйі өңі құп-қу болып шегіне берді: Қожақ тағы айғайлады.

    – Ты, именно ты, во всем виновата. А ну-ка скажи, не добитый фашист, кто убил моего отца?! – Кабинадан қарғып түсті де, көзі жасқа толып, сілейіп тұрған қызды қолындағы «22-ші» номерлі кілтпен қақ маңдайдан салып қалды. Машинасына қайта қарғып мінді де, әлі орылып үлгірмеген күнбағысты жапыра, қос сызық тастап құйындата жөнелді батысқа... Колхозшылар күркетауықтай шуласып барып, үзілді... Нұрланның көңіліндегі сұлулықтың көк күмбезі быт-шыт болып сынған еді! аттан домалап түсіп, күнбағыстың үстінде құлап жатқан қызға жүгірді: өңі аппақ екен... талықсып ұйықтап кеткендей... Ал, маңдайынан, аппақ маңдайынан жылып қан аққан... қан... қыпқызыл қан аққан аппақ маңдайынан... Нұрлан Луизаны емес, сонау 1943 жылы қамшы тиіп жараланған шешесін көргендей өкіріп барып бас салды. Одан арғысын білмейді, есінде жоқ. Ақкеңсіріккке қарғып мініп, Қожақтың машинасын ұзақ қуыпты, бірақ қуып жете алмаған екен, ата-бабасынан түсіп балағаттаған екен... жылаған, өксіп көп жылаған... әскерден тірі оралсам Қожақтан кек алам деп ант еткен, жүрегіне еріместей болып, жұдырықтай мұз қатқан... ерімейтін болып... сұлулап соққан күмбезі мәңгіге сынған, күл болып уатыла сынған... быт-шыт... быт-шыт... быт-шыт...
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    Бірақ, Нұрланның мынау аппақ дүниеге... орната бастаған сұлулық күмбезі құлаған қалпында қалды... быт-шыт. Мынау аппақ дүние...
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    Пәтшағардың айдауын-ай, әкесі тіріліп келгендей, – десіп отырғандар дабырласа орнынан өре түрегелді. Агроном кірпік қақпастан қадала қараған. Жүзінен майда қан толқындары жүзіп өткендей әрі ренжулі, әрі қуанулы. Осы сойқан жігітті не себептен ұнататынын өзі де білмейді. Алғашында аяушылық сезімнен шығар деп жүрді, кейін ақыл таразысына салып көрсе, мүлдем олай емес, шын сүйеді екен. Әттең, қыз намысы жібермейді, әйтпесе баяғыда... баяғыда... Ал, ол біле ме?
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    Әкесін соғысқа алып кеткен соң, Нұрланын құшақтап, жылай-жылай қала берді. Көп ұзамай іште қалған қарындасы дүниеге келді. Бесікке бөлеп, өзі наубайханаға жұмысқа кеткенде қырқынан жаңа шыққан қарындасы Шолпан қарны аша ма, шырқырап маза бермей жылайтын-ай. Бесікті тербете-тербете қолы талған Нұрлан сәбимен қосылып өзі де еңірейтін. Сонсоң бақыра-бақыра ішегі үзілердей болған қарындасы көгеріп-сазарып, ықылықтап, қайтадан ұйықтап қалар еді. Өліп қалды ма деп шошынған ағасы жалаң аяқ, жалаң бас безектеп қыс ішінде талай рет шешесіне жүгірген. Күндіз-түні колхозшыларға нан пісіріп, пештің отымен алысқан анасы толғақ қысқанша елемей жүре беріпті. Содан болар Шолпан сап-сары жалқын болып туған екен. Нұрланның әлі есінде, шешесін көп ұзамай наубайханадан шығарып тастады. Етек-жеңіне тыққыштап әкелер бір үзім наннан қағылған соң, Нұрлан да мойны ырғайдай болып, жүдей бастаған. Үсіңкіреп кеткен картоп пен қара суға қарап қалған соң ба, масақ оруда жүрген Сандуғаш бір күні бір уыс бидай салып әкеліпті етігінің қонышына. Табаның түбіне қуырып, тостағанға салып Нұрланға енді бере бергенде сырттан бригадир Қажының айғайы естіледі. Күйеуінің ескі күпісін Нұрланның үстіне жауып үлгіргенше Қажы қамшысын білемдей ұстап кіріп келген. Талтая тұрып айғайлап,көзі ежірейіп, масақ ұрладың деп зекіген. Шешесі айтқан: – Ұрласам тауып ал.

    Бригадир бұлардың жаман үйін асты-үстіне шығарып, тіміскілеп тінткен. Бірақ ештеңе таба алмаған. Көзі қанталап тағы да ақырған: – ық жақтан желе жортып келе жатқанымда желмен бірге сенің үйіңнен қуырылған бидайдың иісі келді мұрныма. Будақтап түтін көтерілген, бидай қуырмағанда неңді... сен қатыннан шығады, сумақайлығың бүгін болмаса ертең ашылады! – деп амалы таусылғандай үйден енді шыға бергенде күпінің астында бүлкілдеп жатқан Нұрлан: – Тәте, бидайды жеп болдым! – деп шыға келіп еді. Не істерін білмей сілейіп тұрған Сандуғашты бригадир қақ бастан ала қамшысымен салып жіберген. Содан соң: «Салдақы, көзің көгеріп, түрмеде шірисің!» – деп есікті бір теуіп ашып, шыға жөнелген. Маңдайынан төмен жылып аққан қанды Нұрлан өз қолымен сүрткен. Шешесі жылаған: «Құлыным, тірі жүрсең, осы кәрі иттен кегімді ал», – деген. Нұрлан ол кекті әлі алған жоқ. Ол сонда анасының маңдайынан жылып аққан қанды... иә, қанды мәңгіге өз қолымен сүрткендей еді және содан бері қан атаулыдан өлердей қорқушы еді. Қажыдан сол себептен де шешесінің кегін алмаған. Аққан қанды мынау аппақ дүниенің... бетінен мүлдем сүртіп, кетірдім деп ойлаған...
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    Олар кеткен соң Луиза Нұрланды ымдап қасына шақырды, бетінен сипап, қолын қысты. Алақаны ып-ыстық екен.

    – Нурланчик, поцелуй меня, не стесняйся, прошу тебя, поцелуй, – деді көзін жұмып. Не істерін білмей толқып қалған Нұрланға анна апасы: – Ұялма, сүйе ғой ұлым, сүйе ғой, – деді жанарына ұялаған жасты жаулығының ұшымен сүртіп. Нұрлан неміс қызын алғаш та, ақырғы рет сүйді. Луиза: – Спасибо! – деді. Сонсоң бұларға түсініксіз тілде:

    – Их лиепте зи... – деді. Неміс қызының осы ауылға келгелі тұңғыш рет өз тілінде сөйлеген сөзі еді бұл.
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    Қарадаланың беті қаптаған күнбағыс, ұлы махаббаттың, ұлы жеңіс пен мамырстан бейбіт күннің айғағындай ырғатыла ән салады. Өйткені ол күнге, айналайын күнге мәңгі бақи ғашық еді.
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    Байғұс шешесі енді міне, сол оқиғаны ұмытқандай, бір күнгі тоқтығына мәз. Ауыртпалықты өте тез ұмытатын, бәлкім тек адамдар ғана шығар. Бір үріккен жағынан жылқы екеш жылқы да белең ала бермей ме?..
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    Астындағы ат көбігі шыға болдырды. Есін енді бір жиғанда, басын тағзым еткен сап-сары ала күнбағыстың ішімен қақ жарып келеді екен. Оған сол сәтте мынау жайқалған сайсыз күнбағыстың бәрі агроном қыз болып жымия қарап тұрғандай елестеді. «Жоқ, – деді дауыстап, – жоқ! Луиза мені ғана сүйеді!» Сонсоң: «Әттең, дүниедегі асыл адамдарды жерге дән қылып сеуіп, мынау күнбағыс секілді көбейтіп алса ғой, шіркін. Бәрімізге де жетер еді...», – деп ойлады.
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    Бейбіт өмірдің берекелі тірлігінде шөп шауып жүрген бозбала тағы да жаңбырды сағынды. Жер бетіне кілем болып төселген сұлулық пен тыныштықтың кенезесін кептірмей, шөліркеген таңдайын жібітер, уағына жетпей сарғайтып, солдырмайтын, қайта түлетіп дүр сілкінтер тәңірлі көк кешікпей ізгі жауынын себелер... сонда Нұрлан Луизаның қолынан тас қылып ұстап жалғыз аяқ соқпақпен ұзақ жүгірер... Аспаннан тамған нөсерге шомылып, рақаттана алақанын тосар; сосын Бозталдың түбіне келіп қорғалар; үсті-басы сүңгілескен су дірдір еткен Луизаны бауырына қысып жылытар; сонда Нұрланның танауына бұрын ешқашан сезілмеген хош иіс келер; ол – неміс қызының, бидайдың жез масағы секілді – алтын шашынан аңқыған нан иісі! Етіне ет болып жабысқан жұқа ақ көйлегін, баяғыда суға түскендегідей именбестен шешеді де, суын сығып талдың бұтағына жайып кептірер, Нұрлан да шешінер... екеуі құшақтасып (сүйісіп), қас қарайғанша отырады; сонсоң құрғақ екі тас тауып алып, шақпақ қылып бір-біріне шағып от тамызар; қу бұтақ жинап әкеліп, лаулатып от жағар; лаулаған түнгі оттың басында отырып, бір-біріне тесіле қарайды, жалынмен қоса жанып, алаулаған Луиза Нұрланның ептеп дегди бастаған дымқыл бұйра шашын сипап отырып: «Нурланчик, я тебя люблю» дер... Бозталдың түбінде, балбұлақтың жағасында ішкиімімен ғана түнгі отты көсей түсіп қауышып отырған Қыз бен Жігіт мәңгі айырылмастай болып табысар: адамата мен Хауаана секілді жаңа бір өмірді, жаңа бір халықтың, жаңа бір ұлттың қайнар бастауына айналып, бәлкім әлемдегі ақ пен Қара, Батыс пен Шығыс деген ұғымды мүлдем жояр немесе сол екі ұғымды мәңгілікке теңестірер...
  • Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
    Бөлмені тағы да сәл үнсіздік басты. Нұрлан қайтайын деп жинала беріп еді: – Қайда асықтың? – деді. – айтып жүрегіңді жараламай-ақ қояйын деп едім, бірақ айтпасам алдағандай боламын. Луиза сенен төрт-бес жас үлкен. Және ол Қожақты ұнататын секілді. «Сол жігітті қайткен күнде де өмірге қайта алып келу керек» дейді.

    – Ол өлген жоқ, тірі секілді еді ғой – Нұрланның дауысы шаңқ етіп, оғаш естілді. Есіктен қалай атқып шығып, атқа қашан қарғып мінгенін білмейді, әйтеуір Қарадалаға қарай ағыза шауып келе жатыр екен. Көзіне қан құйылғандай болды. Бетін айғыз-айғыз жас жуған. Аспан, тау-тас, ормантоғай шыр көбелек айналған, ал астындағы ақкеңсірікті бас-көзіне сабалап, оңбай сүрінсе-ау деп тілейді. Құласа, жер сүзе жығылса, содан қайтып тұра алмаса, қара жер қарс айырылып, астына түсіп-ақ кетсе, сонсоң мың жылдан кейін оралса, тіпті бүйтіп, тағы да күйікке қалар болса, күйіп өртенер болса оралмай-ақ қойса... «мүмкін емес, – деді күбірлеп, – ол мүмкін емес, Луизаның шофер жігітті сүйетіні жалған! анна апасы мұның көңілі мүлдем қалсын деп әдейі өтірік айтты. Сол орыстың жаман кемпіріне жолап нем бар еді... Аузынан арақ пен шылым арылмайтын май сасыған кір-кір Қожақ, орта білімі де жоқ Қожақ Луизаның теңі ме?! Оған пысқырып та қарамайды, көресің әлі. Ол мені жақсы көреді. Маған әнеугүні күліп қараған, менімен бірге жидек терген, мен оған атқа мінуді үйреттім, менімен бірге қысылмай, бөтен санамай, құдай-ау, ұялмай суға түсті, менімен киноға барды, мен оған сан рет кепеш-кепеш бүлдірген теріп, Бозталдың түбіне қойып кеттім. Ол мен жоқта келіп жеді. Тіпті, күні кеше ғана қолымнан ұстап «ән айтшы, сендердің әндерің маған ұнайды» деп тесіле қарамады ма. Бірақ... «сенің түрің Қожаққа өте ұқсайды» деп күрсініп еді-ау. Ә-ә, енді білдім, қалайғана сезбегенмін, солай деген, ол мен арқылы Қожақты көрген екен ғой».
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)