Біржақты жазылған совет үкіметі кезіндегі кезекті пропагандалық туындысы, Сәкен аға да Сәбит Мұқановтың жолымен адамжеккөруші совет системасын мадақтап жазғаны өкінішті әрине.
Мектепте оқып жүргенімде Алашорданы мінсіз деп білуші едім. Тарих апайымыз "Алашорда басында ақтардың жағында болды" дегенде таңқалып ем. Патша үкіметінің отаршылдық саясатын, елге не жасап жатқанын біле тұра, неге солардың сөзін сөйледі? Енді сол оқиғалар жайлы сол кезді өзі бастан кешірген қайраткердің жазуынан білуге мүмкіндігіміз бар.
Роман сол уақыттарға тап болғандай əсер қалдырады. Кейде оқуды тоқтатып, оқығаныңды ойға саласың, кейде кеудеңді толтырған сезімдерге шыдамай, кейінге қойып, сосын жалғастырып оқисың. Өз басым романды 2 айдан аса уақыт оқыдым жəне кейінірек тағы да қайталап оқимын деп отырмын. Егер осы пікірді көріп отырсаңыз, міндетті түрде оқып бастаңыз, өкінбейсіз.
Ұлы тарих кезеңдері, өте түсінікті!
Өте жақсы тарихи кітапп.оқуға кеңес беремін
Ggg